• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:48:10
Алматы
+12°
Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары 2022 жылғы маусымда құрылуы мүмкін, деп хабарлады HOLA News сайты өзінің дереккөздеріне сүйеніп.
 
Басылым дереккөзінің мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа маусым айында қол қояды. Оған дейін аумақтық бөлініс, шенеуніктерді тағайындау, жаңа аймақтардың бюджетін бекіту секілді мәселелер шешімін табуға тиіс. Қазіргі уақытта үкімет пен президент әкімшілігінде талқылау жүріп жатыр.
 
Президент 16 наурыз күнгі жолдауында елде жаңадан үш облыс құрылатынын мәлім еткен.

Шығыс Қазақстан облысы екіге бөлініп, жаңа Абай облысы құрылады. Облыс орталығы Семей қаласы болады. Қарағанды облысы екіге бөлініп, Ұлытау облысы құрылады. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы. Алматы облысы екіге бөлініп, жаңадан Алматы және Жетісу облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы, Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болады. Қоғам тарапынан Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп өзгерту ұсынысы түссе, президент ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір