17 Наурыз, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатқанын мәлім етті.
"Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды. Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір