16 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі Ресейдің басқыншылық соғыс жағдайына күнделікті баға беріп, Мәскеу күштері Украинадағы ілгерілеу қарқынын сақтап қалу үшін күресіп жатқанын айтады.
Ұлыбритания қауіпсіздік шенеуніктерінің Твиттердегі жарияланған талдауы айтуынша, ресейлік әскерлер Украинада туындаған қиындықтарды жеңу үшін күресіп жатыр.
Шенеуніктер сондай-ақ Украина күштері көпірлерді қиратуы "Ресейдің алға жылжуын тоқтатуда шешуші рөл атқарғанын" атап өтті.
"Украина қарулы күштері Ресей маневрінің жоқтығын шебер пайдаланып, Ресейдің алға жылжуына кедергі келтіріп, басқыншы күштерге үлкен шығын әкелді" делінген талдауда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір