• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:38:43
Алматы
+12°

Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы алаңда феминистік қозғалыстардың митингі болып өтті. Бейбіт жиынның күн тәртібіне Қазақстандағы әйелдерді саясатқа араластыру мәселесі қойылды.

Фото: Qamshy.kz

Ұйымlастырушылар о баста былтырғыдай шеру жасауды жоспарлаған, алайда қалалық әкімшілік тек бейбіт жиынға рұхсат берген.

Фото: Qamshy.kz

Алаңда 500-ден аса адам болды.

Фото: Qamshy.kz

Митинг қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған бір минуттық үнсіздіктен басталды. Ары қарай феминистік қозғалыс өкілдері кезегімен көз алып, Қазақстанда саясатпен айналысатын әйелдер санын көбейту қажеттігі туралы айтты. Әйелдердің нәзік жанды екенін ғана емес, олардың мықты екенін де ұдайы ұмытпауға шақырды. Қазақстанда әйелдер ер адамдарға қарағанда бір жарым миллионға көп, мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайыз әйел екеніне қарамастан, сенатта 9, мәжілісте 28 депутат қана отырғанын, 1 ғана әйел министр мен әйел әкім барын сынады. Әйелдердің биліктегі азшылығына биліктегі ер адамдарды, қоғамдағы патриалхал түсініктерді айыптады. Жиналғандар мұндай жағдайды өзгерту керектігін, Қазақстан қоғамынан "әйел әкім", "әйел министр", "әйел президент" көптеп шығуы қажеттігін атап өтті. "Әйел орны саясатта", "әйел орны ел басқару ісінде" деп ұрандатты.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Митингте сондай-ақ әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендету талабы қойылды.

Фото: Qamshy.kz

Белсенділер 2021 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 67 әйел қаза тапқанын айтып, тұрмыстық қылмысқа қарсы арнайы заң қабылдауды талап етті. Қара табытқа "2021 жылы 67 әйел серіктесінің қолынан қаза тапқан" деп ақ әріптермен жазып, символдық түрде құрбандардың өлігін шығарып перфоманс жасады.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Екі сағатқа жалғасқан митинг соңында Украина халқын қолдау ретінде "бейбітшілік үшін" флешмобы ұйымдастырылып, түтінді от шашулар атылды.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір