28 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей әскерлері үшін трамплин қызметін атқарған Беларусь енді Ресейдің басып кіруіне көмектесу үшін Украинаға өз сарбаздарын жіберуге дайындалып жатыр деген ақпарат бар.
"Washington Post" газеті аты-жөнін атамаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап, Беларусь әскерін орналастыруға дайындалып жатқанын, әрекет бүгіннен басталуы мүмкін екенін хабарлады.
Бұл арада "Kyiv Independent" көптеген дереккөздерге сілтеме жасап, беларусь десантшылары орналастырылуы мүмкін деп хабарлады.
Беларусьтің автократиялық үкіметі жексенбі күні ядролық қарусыз ел мәртебесінен бас тартуға дауыс берді, бұл – Ресейдің онда ядролық қару жасауына жол ашты.
Жексенбі күні Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлескенде беларусь әскерлері Украинаға жіберілмейді деп уәде бергенін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір