• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:35:35
Алматы
+12°

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базары қызметінің төңірегінде қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті.

Облыс әкімінің баспасөзқызметі хабарлағандай, базарда құрылыс, санитария және салық бойынша бақылау жүргізіледі.

Сондай-ақ базар қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету үшін Іле ауданында А+ деңгейіндегі автоматтандырылған логистикалық хаб салу жоспарланып отыр.

– Логистикалық хабтың аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 миллион доллар көлемінде инвестиция тартамыз, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, – деді Алматы облысының әкімі.

Бозымбаев осы жобаны жүзеге асыратын "AIRBA FF" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Киммен меморандумға қол қойылғанын жеткізді.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір