• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:37:20
Алматы
+35°

Талғат Құрманбаев "ҚазТрансОйл" АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазТрансОйл АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Талғат Құрманбаев 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып сайланды" делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

Талғат Құрманбаев 1979 жылы дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университетін бітірген. 2000 жылдан бастап мұнай саласында жұмыс істей бастады.

Бұған дейін "ҚазТрансОйл" басқарма төрағалығы Димаш Досановқа тиесілі болған. Оның өкілеттігі 15 қаңтарда мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Димаш Досанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір