Фото: Видеодан скриншот
Азаматтық белсенді, Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай Жаңаөзен қаласында ереуілдетіп тұрған аналарды қолдауға барғандарында арандатушылық әрекетке тап болғаны туралы мәлімдеді.
"Бүгін Жаңаөзен қаласына барып, ереуілде тұрған аналарға қолдау білдірдік. Халық жақсы қарсы алды. Бір уақытта 10 шақты бетперде таққан арандатушылар келді. Алдымен жаңаөзендік белсенді Нұрлыбек Нұрғалиевке жабысты. Артынан маған шабуыл жасамақ болғанда, ондаған әйелдер оларды қуып шықты. Жұмыртқа әкелген екен арандатушылар, аналарға соны атты. Полиция бұлармен амандасып, артынан шығарып салды" деген белсенді кездесудің видеосын жариялады.
Жаңаөзенге барған "Демпартия" өкілі, белсенді Абзал Достияров та оқиғаның барысын видеоға түсіріп, жариялады.
Бұдан бөлек әлеуметтік желіде "Жанболат Мамай биліктің жобасы" деп жүрген Ораз Әлімбеков, Тоқтар Жақаш секілді журналистер, саясаттанушы Самат Нұртаза 23 секундтық видеоқиынды жариялап, "жаңаөзендіктер Жанболат Мамайға қарсы шықты" деген сарындағы жазбаларын бөлісіп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір