• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 18:42:21
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов қаңтар оқиғасынан кейін болып жатқан азаптау фактілеріне байланысты пікір білдірді.

– Жыл басында өмірімізге енген саяси "қасіретті қаңтар" оқиғасы тәуелсіздік жылдарындағы ауыр сын сағаттың бірі болды. Оған ресми баға берілді. Мемлекеттік төңкеріске жасалған қадам деп танылды. Демек, бұл – тәуелсіздіктің тамырына балта шабылған қадамдар. Радикалдық саяси топтар, нақтырақ айтқанда, діни топтар қара ниет, арам пиғылдарын жүзеге асырғысы келген ауыр зардапты кезең болды. Тіпті бақылаудан шыққан сәтті де бастан өткердік, – деді мәжіліс депутаты.

Депутат қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымы саладағы қызметкерлердің өзі бейтарап қалып, елдің қауіпсіздігіне жауапты қызмет органдар халық алдында шарасыз күйде қалғанын атап өтті.

– Шайқалып жатқан конституциялық құрылымды тоқтатуға, жоюға бағытталған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі арқасында ауыр сынақтардан өттік. Барлық жауапкершілікті ел президенті өз мойнына алды. Жалпы сол күндердегі ахуал, қоғамдағы жағдай, ауыр көңіл-күй, бақылаудан шыққан сәттердің саяси бағасы сарапталып, құқықтық бағасы берілер, бірақ халықты қалқан еткен арам пиғылды топтардың жағдайына халық алаңдаулы. Осы ретте біз ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіп, халыққа көмектесуіміз керек. Айта кететінім, халық сол кезеңдердегі мемлекет басшысының ерлік-жігерін түсіне білуі қажет. Конституциялық құрылым түбегейлі жойылса, осы күндері қандай жағдайда болып, нені бастан кешетінімізді ойлап көріңіз?! – дейді Жанарбек Әшімжанов.

Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандарды азаптау фактілері көп тіркеліп жатқан Талдықорған қаласына іс-сапармен барғалы отырғанын жеткізді.

– Орынсыз, нақақ жала жабылып жатқан, таяққа түскен бірнеше іске қатысты президент нақты тапсырма берді. Сөйтіп бірнеше азамат босатылды. Ал енді соққыға жығылып жатқан ауыр азаптаулар қоғамның да, елдің де, жеке азамат ретінде менің де жаныма батады. Ертең Талдықорғанға осы оқиғаға байланысты іс-сапарға барып, тұрғындармен кездесемін. Елімізде қылмыс жасағаны да, қылмысқа қатыстылығы да заң шеңберінде қаралуы керек. Ал қызметін асыра пайдаланған тиісті ведомство өкілдеріне заң жүзінде бағасы берілуі тиіс. Прокуратура осындай мәселеге байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет берген болатын, – деді депутат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір