16 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: NurOtan.kz
"Nur Otan" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен "Nur Media" холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Руслан Әлішев М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі.
Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып істеді.
Екі жылдан астам "Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды.
2020 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.
"Nur Media" холдингі – Қазақстанның ірі медиа компанияларының бірі. 2008 жылы 25 қарашада "Nur Otan" партиясының бастамасымен құрылған. Бүгінде холдингтің компаниялар тобына "Астана" телеарнасы, "Aiqyn", "Литер", Túrkistan", "Қазақстан Теміржолшысы" газеттері, "NS" және "ORDA FM" радиосы кіреді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір