• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:39:09
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды" делінген жарлықта.

Ләззат Қалтаева 1965 жылы 4 ақпанда дүниеге келген.

2001 жылы "Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы бірлестігін басқарған.

2006 жылдан бері Алматы қалалық мүгедектер ұйымдары қауымдастығының төрағасы. Сол жылы Қазақстан президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.

2016 жылы Алматы қаласы мәслихатының депутаты атанған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір