• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:24:40
Алматы
+12°

АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кіретін болса, Владимир Путинге жеке санкциялар қарастыратынын мәлімдеді. Ол сонымен қатар, шиеленісті "екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін" деп сипаттады.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Байден "Ресей (Украинаға) басып кірсе, Путинге жеке санкциялар сала аласыз ба?" деген сұраққа "иә" деп жауап берді.

Байден Украина шекарасындағы әскери қозғалыс "бүкіл әлем бойынша орасан зор зардаптар күтіп тұрғанын" білдіретінін айтты. АҚШ президенті "бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл" болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ұлыбритания, Германия, Франция сияқты өзге батыс елдері де Мәскеудің Украинаға агрессиясының ауыр салдары болатынын қайталай ескертті.

Ал, Ресей Украинаға кіруді жоспарлап отырғанын жоққа шығарып, батыс елдерін осы мәселеге байланысты "шиеленісті күшейтті" деп айыптады.

Алайда Мәскеу Украинамен шекара маңына 100 мыңға жуық сарбазын орналастырған.

Байден журналистерге берген жауабында "НАТО-ның Шығыс Еуропадағы ықпалын күшейту керек" деп ойлайтынын жеткізді.

– Біз кез келген НАТО мүшесінің "НАТО бізді қорғауға келе ме?" деп алаңдауына негіз жоқ екенін түсіндіруіміз керек, – деді ол.

Бірақ ол Украинаға АҚШ әскерін жіберу жоспары жоқ екенін қайталады.

Ресей бұл сөздерге айыптай жауап беріп, АҚШ пен НАТО-ны "Украинаға зор мөлшердегі қару-жарақ және батыстық кеңесшілерді жіберді" деп сынады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір