• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 23:57:39
Алматы
+12°

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов үйінен "ОМОН" қызметкерлері ұстап әкеткеніне байланысты пікір білдіріп, спорт карьерасын аяқтайтынын мәлім етті.  Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Айтуынша, бейбіт митингке батыстық бауырларын қолдау мақсатында шыққан.

– Ешкім ештеңені бұзған жоқ, ештеңеге тиіскен жоқ. Халық жинала бастаған кезде полицейлер, полиция бөлімдерінің, қала әкімінің орынбасары, прокуратура өкілдері келді. Олардың барлығы митингтің бейбіт түрде өткенін көрді, ешкім ешкімді соққыға жыққан жоқ. Біз ол жерде шамамен 5-6 сағат болдық. Мемлекетке қандай талап қоятынымызды айтып, бейнеүндеу жаздық. Бұл негізінен азық-түлік, бензин, газ бағасы көтерілмесін деген талап болды. Мемлекет жағдайды бақылауға алып, бағаны көтергендер өз орнын босатуын сұрадық. Әрине, дау-дамайсыз болмады. Шамам келгенше қорғадым, – деді спортшы.

Хамитов полиция, прокуратура, мемлекеттік орган қызметкеріне бірде-бір наразылық білдіруші саусағының ұшын да тигізбегін айтты.

– Мен ол жерден шығып кеткенде әкімнің орынбасары маған қоңырау шалып, халықты тыныштандыруға көмектесуімді өтінді. Өйткені оның айтуынша, адамдар мені тыңдайды, құрметтейді. Мен "Халық аренаға" барып, жиналғандармен сөйлесуді жөн көрдім. Халық мені құрметтеп қарсы алып, сөз берді. Біз өз-өзімізге жау емес екенімізді, елімізді жағып, қиратып, өртеудің керегі жоқтығын, біз батыс өңірді қолдау үшін және мемлекет бізді естуі үшін жиналып жатқанымызды айттым. "Қазір жолды жаппайық, жедел жәрдем бар, жұмыстан келе жатқан халық бар, жұртты шошытпай, мына жолдан кетейік. Басқа бір жерге барып айтатымызды талабымызды айтайық" деп халықты сол жақтан алып кеткен болатынмын, – деді Қуат Хамитов.

Ол бәрі аяқталғаннан кейін үйіне қайтқанын және қалада бүлік болып жатқанда қала сыртындағы үйінде болғанын жеткізді.

– Бұл күндері интернет байланысы болмады. Кейін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері досым арқылы менімен байланысқа шығып, "неге қашып кеттің?" деп сұрады. Мен оларға ешқайда қашпағанымды, интернет байланысы болмай ұялы телефоным өшіп қалғанын айттым. Содан олармен ҰҚК ғимаратында кездесеміз деп келістік. Қалаға келіп енді оларға баруға жиналып жатқанымда арнайы органнан адамдар келіп, түсіндірмей ұстап алып кетті. Олар менің әкемді автоматпен бір ұрып жіберді, өзімді де соққыға жықты. Сөйтіп еш түсіндірместен үйден алып кетті. Бізді полиция бөлімшесіне жеткізгеннен кейін не үшін айыптап тұрғандарын айтпады. Сол жерде менің кесірімнен құқық қорғау қызметкерлері қайтыс болғанын естідім, сол үшін ұстап отырған, – деді Хамитов.

Қуат Хамитов сондай-ақ спорттағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол бұған дейін 5 жыл карьерасын жалғастыру жоспары болғанын жеткізді. Айтуынша, енді өмірінде жаңа тарау, жаңа карьера басталады. Спортшы шешімі нақты немен байланысты екенін, жаңа тарау деп нені меңзеп отырғанын айтпады.

Бұған дейін Хамитовті "ОМОН" қызметкерлері соққыға жыққанын хабарлағанбыз.

Алматыда митинг кезінде ММА спортшысы Қуат Хамитов алаңға шығып, халыққа қолдау білдірген болатын.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ★★★??????★★★ (@kuat__khamitov)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір