30 Желтоқсан, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Ғарышқа зымырандар ұшыратын SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск өзгелердің "Starlink спутниктік интернет жобасы ғарышта тым көп орын алады" деген мәлімдемелерін жоққа шығарды.
"Миллиардтаған спутниктерді Жерге жақын орбиталарға орналастыруға болады" деді ол Financial Times газетіне.
Масқтың мәлімдемесінен сәл ертерек Еуропа ғарыш агенттігінің басшысы дамып келе жатқан коммерциялық ғарыш саласын Илон Масктың монополдап, жеке дара "ереже жасап жатқанын" мәлімдеген.
Сонымен қатар, осы аптада Қытай өзінің ғарыш станциясының Starlink спутниктерімен соқтығысып қала жаздағанын айтып шағымданған.
Алайда Маск "Ғарыш өте үлкен, ал спутниктер өте кішкентай" деді сұхбатында.
Маск "Starlink интернет жобасы бәсекелестердің спутниктік индустрияға кіруіне кедергі келтіріп жатыр" деген шағымдарға тойтарыс беріп, Жер орбитасында спутниктерге жеткілікті орын бар екенін айтты.
"Бір-екі мың спутник деген ештеңе емес. Бұл жер бетінде бір-екі мың көлік бар сияқты, бұл ештеңе емес" деп қосты ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір