23 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі 22 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 477 адамнан коронавирус, 75 адамнан пневмония анықталған. 21 желтоқсанда 15 адам коронавирустан көз жұмған.
23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 685 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2947 пациент стационарда, 15 738 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 262 адамның жағдайы ауыр, 73 пациенттің жағдайы өте ауыр, 62 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
23 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 923 124 адам вакцинаның I компонентін, 8 415 877 адам II компонентін салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір