• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:37:18
Алматы
+12°

– Үлкен кенті ең ыңғайлы жер, ұлттық электр желілер топографиясы тұрғысынан тиімді алаң болып саналады. Ол жерде 500 киловольттық тармақталған желілер бар, Оңтүстік-ГРЭСС 500 қосалқы станциясы да орналасқан. Ал базалық қуат көздерін орналастырудың арқасында Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясының тұрақты транзитін жасауға болады. Орталық Қазақстанға – Қарағандыға да, Солтүстік-Оңтүстік транзитімен оңтүстік өңірлерге де энергияны қайта бөлуге ыңғайлы, – деді Сатқалиев журналистерге берген сұхбатында деп жазады Sputnik Қазақстан басылымы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде атом электр станциясына қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардан бірнеше ұсыныс түскен.

– Ресей, Қытай мен Франциядан, сонымен қатар америкалық өндірушілерден екі ұсыныс түсті. Біз шешім қабылдағанда технологиялардың қауіпсіздігін, соның негізінде қанша атом реакторлары салынды, бағасы және тағы басқа мәселелерді ескеретін боламыз. АЭС-ке қажетті отынды Қазақстанда шығару жайын да қараймыз, – деді қор басшысы.

Қазақстанда бірнеше жылдан бері атом электр станциясын салу идеясы көтеріліп келеді. Энергетиктер АЭС қажеттілігін энергетикалық тапшылықпен түсіндіреді. Президент Қ.Тоқаев биылғы жолдауында 2030 жылдарға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болатынын айтқан.

Алайда қоғамда АЭС салуға қарсы көңіл-күй басым. Арыс қаласы, Жамбыл облысындағы әскери қоймаларда болған жарылыстан кейін АЭС салу идеясына деген теріс көзқарас арта түскен. Азаматтар арасында екі жылда екі бірдей жойқын жарылысқа жол беріп қойған үкіметтің әрекетіне күмәнмен қарайтындар басым. "АЭС салып, соңы үлкен қайғылы жағдайға ұрындырып жүрмесіне кім кепіл" деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады. 

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы жүргізген "Қазақстандықтардың АЭС құрылысы туралы пікірі" сауалнамасына қатысушылардың 55%-ы атом электр станциясының салынуына қарсы екенін айтқан. 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС салу идеясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір