• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:56:33
Алматы
+12°

Ресей қорғаныс министрлігі екі "Ту-22М3" ұшағы "Беларусь әуе күштерімен бірлескен тапсырмалар көрсету" жаттығуы үшін төрт сағаттық миссияны орындағанын хабарлады.

Ядролық қаруға қабілетті ресейлік ұзақ қашықтыққа ұшатын бомбалаушы ұшақтар Беларусь аспанында ұшты. Мамандар мұны батыспен ара-қатынас шиеленіскен жағдайда Мәскеу мен Минск арасындағы тығыз қорғаныс байланыстарын көрсету үшін жасалғанын айтады.

Батыс елдері "Украинаға жақын жерде Ресей әскерін жинап жатыр. Мәскеу Украинаға басып кіру қаупі бар" деп алаңдайды.

Мәскеу шабуыл жасау жоспарын жоққа шығарады, бірақ НАТО-ның Украинаға кеңеюіне қарсы екенін мәлімдеп, альянсты қару-жарағын Украинаға орналастырмау туралы қауіпсіздікке кепілдік беруге шақырды. Алайда бұл талаптарды АҚШ пен оның одақтастары қабылдамайтыны анық.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Беларусь

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір