• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:21:57
Алматы
+12°

2021 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша елдеді орташа жалақы 243,7 мың теңгені құраған. 

Еңбек ресурсын дамыту орталығының мәліметіне сай, ең төменгі жалақы білім саласы қызметкерлеріне тиесілі. Олар орташа есеппен айына 182,1 мың теңге табады. Оның ішінде мектепке дейінгі оқыту қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 104,4 мың теңгеге, бастауыш сынып мұғалімдерінікі 144,8 мың теңгеге тең. ЖОО оқытушыларынікі жоғарырақ – 231,6 мың теңге.

Сондай-ақ ветеринарлардың жалақысы төмен – 135,2 мың теңге. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері орта есеппен айына 167,5 мың теңге табады. Сауда-саттық саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 222,1 мың теңге.

Айлық орташа жалақы ең жоғары салалар көшін су көлігі қызметкерлері бастап тұр – 676,6 мың теңге. Сондай-ақ сақтандыру, зейнетақымен қамту салалары, қаржы қызметі мамандары, ғылым мен техникалық саладағы басқарушы қызметкерлер 600 мың теңгеден көп табады.

Источник: ЦРТР

Дереккөз: lsm.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Еңбекақы жалақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір