14 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: ratel.kz
Денсаулық сақтау министрлігі 13 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 397 адамнан коронавирус, 2 адамнан пневмония анықталған. 12 желтоқсанда 12 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.
14 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 858 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 974 пациент стационарда, 16 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 321 адамның жағдайы ауыр, 82 пациенттің жағдайы өте ауыр, 62 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
14 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 865 173 адам вакцинаның I компонентін, 8 307 373 адам II компонентін салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір