• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 23:37:26
Алматы
+12°

Қазгидромет 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 13 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде қар жауып, күн құбылмалы болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте таулы аудандарда нөсер жауады.

Тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстік-батысында, шығысында, орталығында бұрқасын соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын соғып, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын болып, облыстың солтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетіп, бұрқасын соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысында Алакөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір