• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:37:04
Алматы
+35°

Ұлыбританияда орналасқан бейресми трибунал Қытайдың Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ сияқты азшылықтарға геноцид жасап жатқанын мәлімдеді.

Трибунал бейсенбі күнгі қорытындыға келуінің басты себебі ретінде Бейжіңнің Шыңжаңдағы мұсылман азшылықтардың тууын  бақылауы және стерилизация сияқты шараларын атады.

Трибунал тыңдауларына төрағалық еткен танымал британдық адвокат сэр Джеффри Ництің айтуынша, оның алқасы Қытайдың "этникалық азшылықтардың санын ұзақ мерзімді қысқарту" үшін "әдейі, жүйелі және келісілген саясат" жүргізгенін анықтаған. Ол Шыңжаң аймағындағы мұсылман азшылықтарына жасалған қиянат үшін жоғары лауазымды тұлғалар, соның ішінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинді де "негізгі жауапкершілікте" деп санайтынын айтты.

Трибунал алқасы заңгерлер мен ғалымдардан құралған. Оның қорытындысының заңды күші жоқ және Ұлыбритания министрлері үшін міндетті емес, бірақ оны ұйымдастырушылар Қытайға қарсы айыптауларға қатысты дәлелдемелерді қосып, геноцид мәселесі бойынша тәуелсіз қорытынды жасауға ниетті екенін айтты.

Қытай үкіметі Шыңжаңдағы адам құқықтары бұзылды деген барлық айыптауларды жоққа шығарады. Бейсенбі күні трибуналдың шешіміне жауап берген Қытайдың баспасөз хатшысы BBC-ге бұл орган "жалған трибунал" деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол "Қытайға қарсы элементтер халықты алдау және адастыру үшін қолданатын саяси құрал" екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлыбритания Шыңжаң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір