• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:52:52
Алматы
+12°

Британиялық Гислейн Максвелл сексуалдық сауда және басқа да айыптар бойынша Нью-Йоркте сотталды.

Ол кәмелетке толмаған қыздарға сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған педофил Джеффри Эпштейнге көмектесті деп айыпталды. Дегенмен, ол мәлімдемелерге қарсы шығады деп күтілуде. Эпштейн 2019 жылы түрмеде көз жұмған.

59 жастағы Максвелл ханым өткен жылы қамауға алынғаннан бері АҚШ түрмесінде отыр. Оны алты аптаға созылатын танымал сот процесін күтіп тұр.

Америка мен Франция азаматтығын алған Максвелл өзіне тағылған айыптардың барлығын мойындамады.

Максвелл ханымның адвокаттары, сондай-ақ отбасы мүшелері оның түрмедегі жағдайына бірнеше рет шағымданған. Оның заңгерлік тобының кепілге алу туралы өтініштері бірнеше рет сәтсіз болды.

Эпштейн 2019 жылдың 10 тамызында Нью-Йорктегі түрме камерасында өлген. Ол жыныстық саудаға қатысты айыптау бойынша сот процесіне жетпей, көз жұмған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нью-Йорк педофил

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір