25 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Бүгін, кешке қарай Алматыдағы жеке клиникалардың бірінде өмірден өткен ақын, оппозиционер Арон Атабектің денесі Қалқаман ықшамауданындағы мәйітханаға жеткізілді.
Сол жерде жүрген Қамшы тілшісінің хабарлауынша, белсендіні жеткізген жедел жәрдем көлігіне бірнеше полиция көлігі де ілесіп келген. Қазіргі уақытта мәйітхана маңында полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ көптеп жүр.
Сондай-ақ мәйітхана алдына қарапайым адамдар да келіп жатқаны хабарланды.
Белсенді Мұратбек Есенғазы мәйітке сараптама жасалатынын, Арон Атабектің денесі 26 қарашада қарындасы Рәзияның үйінен шығарылуы мүмкін екенін мәлім етті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір