• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:39:19
Алматы
+12°

Қауіпті астероидты бағытынан тайдыра алатын технологияны сынау үшін ғарыш кемесі ұшырылды.

НАСА-ның Дарт деп аталатын миссиясы ғарыштық денелердің Жермен соқтығысуының алдын алу қаншалықты қиын болатынын сынап көрмек.

Ғарыш кемесі аспан денелерінің жылдамдығы мен жолын қаншалықты өзгертуге болатынын білу үшін Диморфос деп аталатын ғарыш нысанына соқтығысады.

Егер ені бірнеше жүз метр болатын ғарыштық қоқыстардың бір бөлігі біздің планетамызбен соқтығысса, ол бүкіл бір континентті жойып жіберуі мүмкін.

Ғарыштық құрылғы Илон Масктың "Falcon 9" зымыраны арқылы сәрсенбі күні сағат 06:20-да Калифорниядан көкке көтерілді.

Бұл – Жершарыны қорғауды сынау мақсатында астероидтың бағытын бұрудың алғашқы әрекеті болмақ. Алайда, сыналатын астероид Жерге ешқандай қауіп төндірмейді.

НАСА ұшырылған ғарыш кемесі астероидтың периодын сәл өзгертетінін мәлімдеді. Олардың ақпаратынша, бұл сынақ өте маңызды, себебі болашақта Жерге қауіп төндіретін ғарыш нысандары алдын ала байқалған жағдайда, осындай миссия қажет болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАСА астериод

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір