• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

29 Қараша, 11:30:24
Алматы
+4°

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында  хабарлады. 

– Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдап, партияны ел президенті басқаруы тиіс екенін атап өтті. Өкілеттіктерді беру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады, – деп жазды Айдос Үкібай. 

Оның айтуынша, партия басшысының өкілеттігін тапсыру жұмысы алдағы уақытта партия жарғысы бойынша атқарылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір