19 Қараша, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
2021 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарды бірнеше мереке күтіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн, алты күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалады.
Желтоқсанда екі мемлекеттік мереке бар – Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік күні.
Осыған байланысты елде 1 және 16-17 желтоқсанда мереке тойланады. Екі мерекеден кейін, 18 және 19 күні сенбі және жексенбі болғандықтан, қазақстандықтар қатарынан 4 күн демалады.
2021 жылдың соңғы күні – 31 желтоқсан жұмыс күні саналады. Ол күн жұмаға сәйкес келгендіктен 1, 2, 3 және 4 қаңтар күні қатарынан демалыс болады.
Ал 7 қаңтар Рождество меркесі жұмаға сәйкес келеді, сондықтан 7,8,9 демалыс күні болады.
Елде желтоқсан айында ұлттық мейрамдардан бөлек, кәсіби мерекелер де атап өтіледі:
6 желтоқан – прокуратура күні;
Желтоқсанның үшінші жексенбісі – энергетик күні;
20 желтоқсан – мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;
22 желтоқсан – архивші күні.
2022 жылы қазақстандықтар 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір