• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 00:26:50
Алматы
+35°

Эстония, Франция, Ирландия, Норвегия, АҚШ және Ұлыбритания сияқты БҰҰ-ның 15 мүшесі жабық отырыста мигранттар дағдарысын көтеріп, Ресеймен жанжалдасты. Бұл туралы Германияның DW басылымы хабарлады.

Олар Беларуське көрші елдер мен Еуропалық Одақтың сыртқы шекарасының тұрақсыздануы, адам құқықтарының бұзылуы мәселелеріне назар аударды.

Олар Беларусь позициясын "қабылдауға келмейді" деп сипаттап, президент Александр Лукашенконы аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндірді деп айыптады. Беларусьті жауапқа тарту үшін "күшті халықаралық реакцияны" талап етіп, ЕО "қабылдай алатын шараларды талқылауға" уәде берді.

ЕО "Беларусь Еуроодақтың санкцияларына жауап беру үшін Польшаға және басқа көрші елдерге өтуге мыңдаған адамды жіберді" деп санайды.

Беларусь дағдарыстың әскери қақтығысқа ұласуы мүмкін екенін ескертті. Литва, Эстония және Латвия еуропалық қауіпсіздікке Беларусь үлкен қауіп төндіретінін айтты.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҰҰ Польша

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір