• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:12:45
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды. 

– "Отбасы банкте" мұндай азаматтар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын қарастырған жөн. Бастапқы жарна – 10%, сыйақы мөлшерлемесі – 2-ден 5%-ке дейін. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп аталған бастаманы жан-жақты пысықтауы қажет, –  деді Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.

Президент мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан көшетін адамдарға жеке бөлім арнау керектігін атап өтті. 

– Осылайша біз бұл азаматтарды перспективасы бар, дамыған, мамандарға мұқтаж қалаларға өз еркімен қоныс аударуға ынталандырамыз. Өнеркәсіптік моноқала тұрғындарының көбі білікті, сұранысқа ие жұмысшы және инженерлік мамандықтарда тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз, – деді Тоқаев.

Оның сөзінше, моноқалалардың экономикасын әртараптандыруда және шағын және орта бизнесті дамытуда жаңа өндіріс орындарын құру жобалары маңызды рөл атқарады. Үкімет 20 мың жұмыс орнын құрумен құны 2 триллион теңгеге 79 жобаны іске асырып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір