• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:29:20
Алматы
+35°

Мектепті үздік бітірген оқушыларға арналған «Алтын белгі» медалінің сатылуына қатысты білім және ғылым министрлігі түсінік берді.

– «Алтын белгі» – атаулы медаль. Ол жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатымен бірге беріліп, құжатына алушының аты-жөні жазылады. Яғни оны біреуге беру немесе сату мүмкін емес, – деді білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдіуәлиева.

Оның айтуынша, аталған медаль жеке коллекционер немесе нумизматтар үшін қызықты болуы мүмкін.

Бұған дейін, онлайн хабарландыру платформаларының бірінде мектеп түлегі "Алтын белгі" медалін 2 миллион теңгеге сатуға қойғаны хабарланды

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЛТЫН БЕЛГІ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір