Абзал Құспан мен Руза Бейсенбайтегі
Заңгер, құқыққорғаушы Абзал Құспан белсенді Руза Бейсенбайтегінің істі болуына байланысты пікір білдіріп, мәселенің мән жайын түсіндірді.
Құқыққорғаушы дау полицейлерден басталғанын айтады.
– Руза апай көші-қон комитетінің Павлодарлық басқармасына оралман-қандас ағайындардың құқығын қорғап барады. Қандастардың басым бөлігі орыс тілін білмейді, ал әлгі жерде барлық іс қағаздары орыс тілінде, ал қызметкерлері өңшең қазақ, абсурд иә ?! Ұзын-сөздің қысқасы Руза апай бұған дейіна де талай келгенін, жағдайдың еш өзгермегенін айтып, орыс тіліндегі көрнекі ақпараттарды жыртып урнаға лақтырып тастайды және орысш шәңкілдеп жүрген бір әйелг қарат "қатын" деген сөзді қолданада. Сол үшін әлгілер Рузы апайдың үстінен арыз түсіреді, ол қылмыстық істерді тіркейтін реестрге тіркеледі, кейіна Руза апайдың "қылмысын" ұсақ бұзақылық деген баппны әкімшілки іска ауыстырып, хаттам толтырады. Қызығы сол, хаттамада қатынға қарата айтылған "қатын" деген сөзді балағат сөз деп көрсеткен!
Әкімшілік іс бүгінге 13.10.2021 ж., Сағат кешкі 17.00-ге тағайындалған, бірақ ол істі қарау кейінге қалдырылады депырмыз, себебі, Руза апайдың іі Әсекең полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты шағым түсірді, ол өз кезегінде әкімшілік істің мәні бойынша қаралуын кейінге қалдыруы от депозита. Заң бойынша солай ..., – деген заңгер желідегі жазбасының соңына "жалғасы бар" деп жазған.
Кеше павлодарлық белсенді, қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп жүрген Руза Бейсенбайтегін полиция бірнеше сағат ұстап, кейін босатқан. Белсенді өзін еш ескертпестен, көлікке күштеп отырғызғанын айтқан. Ол үстінен арызданған көші-қон полициясының қызметкерлері "үкімет қағазын жыртып тастады" дегенді айтып отыр дейді. Руза Бейсенбайтегі бұл әрекетке мәжбүрлі түрде барғанын айтады. Өйткені бұған дейін талай мәрте өтініш, ескерту жасап жүріп, өтініш бланктердің қазақ тіліндегі үлгісін ұсынуға қол жеткізе алмаған. Ол Қытайдан, Монғолиядан келген орысша білмейтін қандастар мұндай құжаттарды түсінбей, түрлі қиындыққа тап болады дейді. Белсендіге бұған дейін есімін атамауды өтінген шетелден келген қандас көші-қон полициясы ықтияр хаттан бастап, өзге де құжаттарды жасауға 200 мың теңге сұрағанын жеткізген. Сөзінше, көші-қон полициясы пара алу үшін әдейі қазақша қызмет көрсетпей, тек орысша ғана сөйлейді. Ол азаматтардың Қазақстанда мемлекеттік тілде қызмет алу құқығы тапталып жатқанына, құзырлы органдардың сол құқықтың сақталуына бей-жай қарайтынына ашынады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір