08 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Арон Атабектің қызы Айдана Айдарханның instagram парақшасынан
Ақын, диссидент, Шаңырақ оқиғасы бойынша 18 жылға сотталып, жақында ғана шартты жаза бойынша бостандыққа шыққан Арон Атабектің қызы, белсенді Айдана Айдархан әкесінің қазіргі жағдайы тым ауыр екенін айтты.
Ол Арон Атабек әліге дейін өздігінен қозғала алмайтынын, тіпті біреудің көмегінсіз төсектен тұра алмайтынын мәлім етті.
– Қол-аяғы істемейді. Бұл – ұрып-соғу, сыну, хлормен азаптау, сұмдық жағдайда жалғызадамдық камерада жылдар бойы ұстағанның кесірінен болып отыр. Қазір ол көбіне төсекте жатады. Демікпе мен жөтел кесірінен сөйлеуі қиын. Әкеме ең тиімді және жылдам терапия, толық әрі сенімді медициналық тексеріс керек. Алайда бұған пневмоняға шалдыққаны мүмкіндік бермей отыр. 15 жыл бойы қолдан ұйымдастырылған айып бойынша түрмеде отырған Аронның денсаулығы аса ауыр жағдайда. Қоғамдық-саяси өмірден жырақ қалды. Атеросклероздың аса ауыр түріне шалдыққан. Бұл сырқат ұмытшақтыққа, естеліктерді шатастыруға соқтырып, жылдам реакция танытуға кедергі келдіреді, – дейді Айдана Айдархан.
Сондай-ақ ол Арон Атабек 2006 жылғы Шаңырақ ісі бойынша өзін толық ақтауға қол жеткізетініне сенімді екенін, алайда оған денсаулық жағдайы мұрша бермей отырғанын айтты. Сөзінше, Арон Атабектің жағдайы 2 ай бұрын ғана жақсы болған. Өз қолымен хат жазып, телефон арқылы сөйлескенде де даусынан ширақ екені байқалған.
Ол айналдырған бірнеше аптада әкесін осындай күйге қасақана түсірген деп санайды. Қазіргі кезде Арон Атабектің салмағы 50 келі ғана екенін жеткізген ол, 2006 жылы қамалғанға дейін әкесі 85 келі болғанын айтады.
Айдана Айдархан әкесінің қу сүйегі қалған суретін салу қиынға соққанын, алайда көпшілік оған түрмеде не істегенін білуі үшін амалсыз, әкесінің рұхсатымен жариялап отырғанын айтты.
Сонымен қатар ол белсенділер мен журналистерге жеке кездесуге сұранбау туралы отбасы мүшелерінің өтінішіне құлақ асқанына, жұртшылыққа көмектесіп, қолдап отырғанына алғыс білдірді.
View this post on Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір