• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 20:41:29
Алматы
+35°

Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты. 

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды" деп жазылған хабарламада.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы ретінде бастаған.

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымды қызмет атқарды.

2008-2012 жылдары — премьер-министр кеңсесінің басшысы.

2012-2013 жылдары — бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

2013-2015 жылдары — президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 

2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы.

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2021 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір