• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 23:40:24
Алматы
+12°

Қазгидромет 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады.

Соған байланысты солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз 7-22 градус аралығында болады.

Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеп, күндіз +13-ке дейін жоғарылайды.

Солтүстікте ауа температурасы түнде -6 градус, күндіз +8 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Орталықта түнде -8, күндіз +10 градус, Шығыста түнде -10, күндіз +10, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 7 градус, күндіз 12 градус жылы болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазгидромет ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір