• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:21:18
+12°

Қарағандының төтенше жағдайлар департаменті облыстағы ірі кәсіпорындардың бірінен өрт шыққанын хабарлады. 

Қала тұрғындары Қарағанды-Сортировочная станциясында өрт болып жатқанын әлеуметтік желілерде жариялады.

Кадрлардан өрт қалдықтарды шығарумен және қайта өңдеумен айналысатын TOO Ecoindustry ЖШС кәсіпорнының аумағында болғанын көруге болады. Өртті сөндіруге облыстың төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жұмылдырылған.

"Шикізатты өңдеу зауытының аумағында бұрын қолданылған автокөлік доңғалақтарының тыстары жанып жатыр. Жалын шамамен 1000 шаршы метрді аумақты шарпыды. Ғимараттар мен тұрғын үй құрылысына қауіп жоқ" делінген облыстың ТЖД таратқан хабарламада. 

Оқиға орнына 12 техника, соның ішінде сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна, ТЖ департаменті жеке құрамының 45 адамы мен сыйымдылығы 100 тонна ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)




 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір