16 Қыркүйек, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер өздеріне 60 миллион теңге (141 мың доллардан астам) сыйақы жазып алған, деп хабарлады Астана телеарнасы.
– Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлеріне 60,6 миллион теңге негізсіз сыйақы төлеу фактісі анықталды, – деді СҚО-ның ревизиялық комиссия мүшесі Талғат Кенжебаев.
Аудандық әкімдіктің 10 қызметкері жергілікті бюджетті өз бетінше бөліп, аудан әкімдігі аппаратына қаржыландыруды ұлғайтып көрсеткен. Нәтижесінде қызметкерлер еңбекақыларына жылдық қаржыландыру сомасын үш есеге ұлғайтып алған.
Экономика және қаржы бөліміне заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жолданды. Бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік тексеруде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір