07 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Qamshy.kz
АҚШ президенті Джо Байден Америка Құрама Штаттары таяу уақытта "Талибан" лаңкестік қозғалысының өкілдерін мойындамайтынын айтты. Бұл туралы TeleTrader басылымы хабарлады.
Журналистер Байденнен АҚШ Ауғанстандағы Талибан билігін мойындай ма деп сұрақ қойды.
– Жоқ. Оған дейін әлі жетпейді, – деп жауап берді АҚШ президенті.
17 тамызда Талибан содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған. Олар сол сәттен бастап іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялаған.
Бұған дейін Байденге Ауғанстандағы жағдайға байланысты импичмент жариялау ұсынылған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір