• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 08:14:27
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы жариялады. Құжатта COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне шектеу қойылады.

Оған төменде аталған мына нысандар жатады:

  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер;

  • айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

  • СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер;

  • тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері;

  • нотариус, бухгалтер және консалтинг;

  • маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету орталықтары;

  • базарлар, сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;
  • қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер;
  • әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттарының, автостанциялары/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары;
  • барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері);
  • дәріхана ұйымдары;
  • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар.

Қаулы 2021 жылдың 6 қыркүйегі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір