18 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: novosti-saratova.ru
Қазгидромет 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мамандардың айтуынша, республикада жылы ауа райы және антициклонның әсерінен Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальды бөлімдердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте – 23-30 градус жылы, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – 25-40 градус жылы, орталықта және шығыста – 17-35 градус жылы болады деп күтілуде" делінген хабарламада.
Ал Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, ауа температурасы 32-41 градус жылы болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір