• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:16:15
+12°

Премьер-министр Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцинациялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.   

– Эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивті индексі 0,97-ны құрап отыр. Вакцинаның бірінші компонентін салдырған адамдар саны 6,1 миллионнан асты. Екінші компоненті 4,8 миллионнан астам тұрғынға салынды. Түркістан облысы, Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында осы саладағы жұмысты күшейту керек, – деді Мамин үкімет отырысында.

Сонымен қатар үкімет басшысы, мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту керектігін айтты.

Ал демалыс күндері локдаундар сақталып. Ashyq жүйесіне қатысатын кәсіпкерлердің санын арттыру қажеттігін атап өтті. 

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнесмендердің саны 111 мыңға жеткен. Ал халық арасында қосымшаны 4 миллионнан астам адам пайдаланады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Асқар Мамин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір