04 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі 3 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 7519 адамнан коронавирус табылған. 471 адамнан пневмония анықталған. 2 тамызда 124 адам коронавирустан, 25 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 602 952-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 61 772.
4 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 016 адам коронавирус инфекциясын, 3030 науқас пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 29 325 пациент стационарда, 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, 1786 адамның жағдайы ауыр, 412 пациенттің жағдайы өте ауыр, 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде Түркістан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары коронавирустың "қызыл" аймағында тұр.
4 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 5 530 789 адам вакцинаның I компонентін, 4 048 463 адам II компонентін салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір