• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:46:19
Алматы
+12°

Токио олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді алып келген дзюдошы Елдос Сметов елге оралды. Бұл туралы "Оян, Qazaqstan!" бағдарламасының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

Чемпионды қалыптасқан халық дәстүрі бойынша тәттілерден шашу шашып, күтіп алды. Сметовтке кәсіпкерлердің бірі әуежайда су жаңа көлік сыйға тартты.

– Олимпиада өте керемет өтті. Залдың бос болғаны біз үшін ыңғайсыз болды. Мен үшін ең қиын болғаны финалдық белдесу болды. Осылай бұйырып тұр екен. Қуанышымда шек жоқ. Елім, жерім, халқым 3-орынды 1-орын ретінде қабылдады. "Алтын" армандап барсам да, бұйырғаны "қола" болды. Оған да қатты қуандым. Өйткені күллі қазақ мен 3-орын алғанда "Елдостың қоласы бізге алтыннан артық" деп жар салды. Енді міне құшақтарын ашып күтіп алып жатыр. Бұдан артық бақыт бар ма?, – деді Е.Сметов.

Жанкүйерлері Елдосқа арнап түрлі плакаттар алып шыққан. Күтіп алушылардың арасында спортшының алғашқы бапкері де болды.

– Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы жаттықтырушым. Кішкентайымнан өз баласындай көріп, алақанында өсірген менің бапкерім, – деді Сметов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір