23 Шілде, 2021 NEWS
Фото: inbusiness
Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, судья 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп жазады КТК телеарнасының сайты.
Cудья орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан облыстық судьядарға беремін деп 12 миллион теңге пара алған. Алайда облыстық сот Юлдашовты соттаған.
– 2021 жылдың 22 шілдесінде Талдықорған қалалық соты судья Сүлейменовты 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды, – деді Бекайдаров брифингте.
Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін, сыбайласы Имиров пара беруге қатысқаны үшін 7-8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты тергеу былтыр қыркүйекте басталған. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір