22 Шілде, 2021 NEWS
Фото: 1news.az
Пандемия басталғалы Алматыда ауру жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді. Соңғы тәулікте мың адамнан коронавирус анықталған. Бұл туралы қала әкімшілігің баспасөз қызметі хабарлады.
"Салыстырмалы түрде айтсақ, коронавирус инфекциясының бірінші және екінші толқынында қалада тәулігіне 500-700 адам індет жұқтырған. Ал шілденің үш аптасында ауырғандардың саны 4 есе өсті. Әсіресе дельта штаммының тез таралып жатқаны байқалады" делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қала әкімдігі қаладағы денсаулық сақтау жүйесін аурумен күреске жұмылдырып жатқанын мәлім етті. Ауруханалардағы төсек орындарды санап, оларды іске қосу қолға алынды.
"Қалада ұжымдық иммунитет қалыптастырудың баяу жүруі жаппай ауру жұқтыруға әкеліп отыр.
Сондықтан әкімдік алматылықтарды вакцина алуға шақырды. Базарлар, қоғамдық көлік, қоғамдық тамақтану орындары мен адамдар көп жиналатын демалыс саябақтары инфекция жұқтыратын негізгі орындар болып отыр" делінген әкімшілік таратқан хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір