• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 00:38:37
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады.

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті.

Сонымен қатар Duolingo English Test 2021-2022 оқу жылына магистратура мен докторантураға түсу кезінде шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттар тізімінен шығарылады.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркеу 18 маусым күні басталады.

Тіркеу БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Емтихандар 20 шілдеден басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

Магистратураға түсу форматында биыл ешқандай өзгеріс жоқ. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда тестіленуші КТ аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

– Магистратураға түсуге арналған тестілеу 3 бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шет тілін меңгерудің жалпы халықаралық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар магистратураға түсушілер шет тілі бойынша кешенді тестілеуден босатылады, – деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

2021-2022 оқу жылына магистратураға 13 263 грант бөлінген. Биыл магистратура мен докторантураға түсу үшін шекті балл – 75, оқуға ақылы негізде түсу – 50 балл.

Докторантураға өтініш қабылдау 3 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады.

Докторантураға түсу емтихандары 4-20 тамыз аралығында өтеді. Осы ретте докторантураға түсу үшін бір ғана жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламаларының тобын таңдауға болады.

– Докторантураға түсу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады. Бұдан әрі өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Оқуға түсушілер өңірлік тестілеу орталықтарында түсу емтихандарын тапсырады. Мәдениет және спорт министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсушілер емтихандарды өз жоғары оқу орындарының базасында тапсырады, – Ә. Тойбаев.

2021-2022 оқу жылына PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік грант саны 1890 грантты құрайды. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір