• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:37:36
Алматы
+12°
9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд. м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Биыл Түркістан облысындағы Кеңсай-Қосқорған су қоймасының құрылысы аяқталады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.
 
– Су қоймаларын салу 70 елді мекен (137 мың адам) үшін су тасқыны қаупін азайтуға, 394 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділікті алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл Қырғызстанға тәуелділікті 30%-ға дейін, Өзбекстанға 25%-ға дейін, Ресейге 15%-ға дейін тәуелділікті төмендетеді, – деді М.Мырзағалиев.
 
Оның айтуынша, былтыр Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ұзындығы 12 км "К-19" магистралды каналын цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылған.
 
– Каналды цифрландырудың арқасында су суару нормалардан қырық бес (45%) пайызға көп жұмсалатыны анықталды. Биыл 16 арна цифрландырылады. Таяудағы бес жыл ішінде ұзындығы 2,8 мың км-ден асатын 119 арнаны цифрландыру жоспарда бар, –  деді ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір