11 Маусым, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
БҰҰ гуманитарлық бөлімінің басшысы Марк Лоукок Эфиопияның солтүстігінде ашаршылық болып жатқанын жариялады.
– Қазірдің өзінде ашаршылық болып жатыр. Жағдай одан бетер нашарлай түспек, – деді ол.
Зерттеу барысында 350 мың адам соғыс басталған Тиграй аймағында ауыр дағдарыста өмір сүріп жатқаны анықталды. Үкіметтік күштер мен көтерілісшілер арасындағы шайқас Тиграйды қатты күйзеліске ұшыратты, 2020 жылы қарашада шайқас басталғаннан бері 1,7 миллион адам басқа жаққа қоныс аударған. Бағалауға сәйкес, аймақтағы азық-түлік жағдайы апаттық деңгейге жетті. Жергілікті аудандардағы тұрғындарға аштық пен өлім қаупі төніп тұрғаны хабарланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір