• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:05:07
Алматы
+12°

Қазақстанның Ұлттық Банкі "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының жабылатынына байланысты мәлімдеме жасады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 20% бастапқы жарна сала отырып, жылына 7% жеңілдетілген мөлшерлемемен 25 жылға бірінші нарықтан баспана ала алуға болады. Жобаны жүзеге асыруға 1 трлн теңге бөлінген. Жоба іске қосылған алғашқы жылы 3 289 несие берілген (39,4 млрд теңге), ал 2019 жылы – 8 723 несие (99,1 млрд теңге), 2020 жылы – 10 207 несие (120,8  млрд теңге) рәсімделген. Ал, осы жылдың бес айы аралығында (қаңтар-мамыр) қазақстандықтар 73,9 млрд теңгеге 5 656 несие алған. Жалпы алғанда, осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша 333,3 млрд теңге игерілді.

"Халықтың жоғары сұранысы мен ипотекалық несиенің қарқынына қарап, біз «7-20-25» бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін, яғни бөлінген лимит таусылған соң аяқталады деп болжап отырмыз" деп хабарлады ұлттық банк.

2018 жылы 10,75% мөлшерлеме бойынша "Баспана хит" нарықтық ипотекалық бағдарламасы іске қосылған болатын. Бұл бағыт бойынша баспанасы бар болса да, азаматтар  алғашқы нарықтан да, қайталама нарықтан да үй ала алады. Қарыз мерзімі 15 жылға дейін, максималдық сомасы 35 млн теңгені құрайды.

"Баспана хит" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 600 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 520,8 млрд теңгені құрайтын 56 752 қарыз берілген. Алайда, бағдарлама "айналмалы" тетік арқылы, яғни, қаржыландырудың ортақ сомасы алдында жабылған қарыз есебінен көбейетінін ескере келе, біз несиелендірудің жалпы көлемі 675 млрд теңге болады деп болжап отырмыз. Қаржының белсенді түрде игеріліп жатқан ескере отыра, "Баспана хит" ипотекалық жобасы 2021 жылы аяқталады деген болжам бар" деп мәлімдеген ұлттық банк аталған бағдарламалардың жабылатыны ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігіне әсер етпейді деп топшылайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір