• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:58:10
Алматы
+12°

Ағылшын сарапшылары Қытаймен жаппай соғыс қаупін ескертті. Ұлыбританияның ірі соғыс кемесі бастаған топ Оңтүстік Қытай теңізіне қарай жылжып бара жатқанда шұғыл ескерту жасалған..

Ұлыбритания корольдік әскери-теңіз күштерінің ең ірі соғыс кемесімен бірге шыққан әскери топтың Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймаққа бірінші рет  жедел орналасуы Бейжіңмен шиеленісті өршітуі мүмкін деп болжануда. 

Ұлыбританияның Портсмут әскери-теңіз базасынан жолға шыққан 3 миллиард фунт стерлингтік әскери кемеде 1600 сарбаз бар.

Оңтүстік Қытай теңізіндегі бұл операцияға байланысты Қытай тарапы бірнеше рет қатаң ескерту жариялады.

Қытай халық-азаттық армиясы әскери-теңіз күштері соңғы апталарда даулы аумақта атыс жаттығуларын көбейтті.

Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзян "Қытай өзінің ұлттық егемендігі мен қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті шараларды қолдануды жалғастырады" деп мәлімдеді.

Жақында америкалық әскери кеме "Қытайдың Сиша территориялық суларына кірді" деген ақпараттан кейін Бейжің тағы да қатаң ескерту жариялаған.

Ұлыбритания соғыс кемесі аймаққа сапарға аттанған кезде, ағылшын қорғаныс министрі Бен Уоллес Қытайдың теңіз талаптарының күшейіп бара жатқаны туралы ескертті.

– Біз өзіміздің құндылықтарымыз бен құқықтарымызға қауіп төнген кез келген жерде, өз ауламызда ғана емес, жағалауларымыздан алыс жерде де әділет жағында болуымыз керек. Бұл орналастыру біздің өз күшімізге ие екенімізді, бірақ одақтастарымызбен одан да күшті екенімізді көрсетеді, – деді ол.

Алайда Ұлыбритания қорғаныс таңдау комитетінің төрағасы Тобияс Эллвуд Ағылшын қорғаныс министрлігі Оңтүстік Қытай теңізіне жүзудің қатерін толық бағаламады деген пікірде.

– Біз Қытайдың стратегиялық ықпалын алға жылжытқанын көріп отырмыз және біздің әскери-теңіз флотымыз Қытай басымдылық берген аймақтармен бәсекелесе алмайды, – деді Тобияс Эллвуд.

Ұлыбритания ядролық қарусыздану кампаниясы, соғысты тоқтату коалициясы депутаттары және мәдениет қайраткерлері даулы аймақтағы шиеленістің артуына алаңдап премьер-министр Борис Джонсонға хат жазған.

"АҚШ-тың жойғыш ұшақтарымен бірге ірі соғыс кемесін Оңтүстік Қытай теңізінің даулы суларына жіберу Қытаймен тек қақтығыстарға әкелуі мүмкін, тіпті одан әрі өршуі мүмкін. Қақтығыс ядролық қарулы мемлекетпен соғыс ықтималдығын жоғарылатады. Қазір мылтық дипломатиясының уақыты емес. Біз отарлық әділетсіздік фактілерімен бетпе-бет келіп, империялық мифтерді дәріптеудің орнына ынтымақтастықтың жаңа тәсілдерін іздеуіміз керек" дейді ағылшын депутаттары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір