• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:37:22
Алматы
+12°

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамту мәселелері бойынша Өңірлік штаб отырысын өткізді.

Онлайн-отырысқа сақтандыру мәртебесін, әсіресе кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерін өзектендіру мәселелері қаралды.

Медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, жүргізілген жұмыстар аясында сақтандырылмағандардың саны 402 мың адамды құрады, олардың 35,5% бірыңғай жинақтаушы төлемді (БЖТ) төлеушілер; 25% - өткен жылдан бастап ешқандай төлем жасамаған тұлғалар.

Сақтандырылмағандардың арасында 2020 жылдың соңына дейін жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері болуы мүмкін. Осы заңды тұлғалар өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жарналардың болмауына қарамастан, осы қызметкерлердің деректерін осы жылдың 3-тоқсанының соңына дейін msb.fms.kz сайтына енгізуі қажет.

Штаб төрағасы Ержан Бабақұмаров алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары деңгейінде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сақтандырылмағандардың басым бөлігі шағын және орта бизес секторына тиесілі болғандықтан, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, Іскерлік және Өңірлік кеңестермен бірлесіп, шағын және орта бизнестің ерекшелігіне назар аудара отырып, жұмыс тәсілдерін өзгерту қажет.

Ержан Бабақұмаров МӘМС жүйесі бірінші кезекте сапалы және толыққанды медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететіндіктен, халықты барынша қамту жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қала тұрғындары медициналық қызметтердің кеңейтілген спектріне, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетіне кірмейтін қымбат рәсімдерге қолжеткізе алады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір