16 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: Көрнекі сурет
Алматыда 17 сәуірден бастап "Ashyq" қосымшасы арқылы кинотеатрлар кезең-кезеңімен жұмыс істейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Кинотеатрға келген көрермендер QR код арқылы билет кассасының кіреберісінде сканерлеуден өтеді.
Егер де QR код-та "қызыл" немесе "сары" белгі шықса алдын-ала сатып алынған билет кері қайтарылады.
– Кинотеатрларда 5 жасқа дейінгі балалар QR кодын сканерлеуден босатылады, яғни олар үшін "жасыл" белгі. Кейін балалар арасында коронавируспен ауырғандар анықталып жатса, жас ерекшелігін қайта қарастырамыз, – деді Байғабылов.
Сканерлеу барысында "қызыл" белгі шықса, вирус жұқтырғаны, ал "сары" белгі шықса ауырғандармен байланыста болғанын білдіреді.
9-15 сәуір аралығында 235 алматылық Ashyq қосымшасы арқылы жасырынып мекемелерге кірмек болған. Оның ішінде 211 адамнан "қызыл", ал 24 адамнан "сары" белгі анықталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір